Сергей Малый ҚПЛ төрешісі туралы: бұл адамды келесіде бізге арбитр етіп те, VAR төрешісі етіп те тағайындамаңыздаршы...

31.05.2025, 13:55

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый ҚПЛ-дің 11-турындағы «Жеңіс» - «Ордабасы» ойынында қызмет еткен Санжар Ысқақовтың жұмысын сынға алды.

Сергей Малый ҚПЛ төрешісі туралы: бұл адамды келесіде бізге арбитр етіп те, VAR төрешісі етіп те тағайындамаңыздаршы...
«Жетісу» - «Ордабасы» кездесуі

Шымкенттік клуб футболшысы аталған маманның «Жеңіспен» болған матчта шымкенттік командаға қиянат жасағанына сенімді. 

«Матчтарға төрешіні кім тағайындайтынын білмеймін, бірақ бұл адамды келесіде бізге арбитр етіп те, VAR төрешісі етіп те тағайындамаңыздаршы. Әйтпесе, келесі жолы үлкен дау туайын деп тұр», - деп жазды Сергей Малый әлеуметтік желіде.

Кеше «Жеңіс» пен «Ордабасы» 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын. Төреші матч кезінде шымкенттіктердің бір ойыншысын қуып, екі голын есепке алмай қойған еді. Санжар Ысқақовтың жұмысын «Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартиннің де сынағанын қоса кету керек. 

Айта кетейік, ҚПЛ-дің биылғы маусымы басталғалы төрешілерге қатысты өте көп дау туындауда. Мысалға, «Жетісу» бас бапкері Самат Смақов пен «Қайсар» бас бапкері Виктор Кумыков қазылардың қызметіне қатысты теріс пікірін ашып айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×