Луис Суарес мансабын Аргентинада жалғастырады

16.06.2022, 17:04
Шабуылшы демалыс күндері Аргентинаға аттанады.
Луис Суарес мансабын Аргентинада жалғастырады

«Атлетико Мадридтің» бұрынғы шабуылшысы Луис Суарес аргентиналық клубқа ауысады, деп хабарлайды Radio Mitrе басылымы.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, 35 жастағы уругвайлық шабуылшы «Ривер Плейтпен» ортақ мәмілеге келген. Демалыс күндері футболшы келісім-шартқа қол қою үшін Аргентинаға барады деп күтілуде. Осыдан кейін «Ривер Плейт» Суареске арнап таныстырылым рәсімін ұйымдастырады. Луис аргентиналық клубқа еркін агент ретінде ауысады, өйткені оның «Атлетикомен» келісім-шарты аяқталды.

Бұған дейін шабуылшыға италиялық «Фиорентина» мен «Аталанта», сондай-ақ «Астон Вилланың» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

Суарес өткен маусымда «Атлетико Мадрид» жейдесінде 45 ойынға қатысып, 13 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×