Садио Мане «Бавариямен» мәміле жасасты

16.06.2022, 16:49
Мюнхендік клуб «Ливерпульмен» трансфер сомасын нақтылау керек.
Садио Мане «Бавариямен» мәміле жасасты

«Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане «Бавариямен» келісім-шарттың талаптары бойынша ауызша мәмілеге келді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

«Бавария» Манеге үш жылдық келісім-шарт ұсынды. Жақын арада мюнхендік клуб «Ливерпульге» сенегалдық шабуылшының трансферіне қатысты жаңа сұраныс жібереді.

Бұған дейін неміс клубының 30 жастағы футболшы үшін 35 + 5 миллион еуро ұсынатыны хабарланған болатын.

Мане «Ливерпульге» 2016 жылы «Саутгемптоннан» 41,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Садионың мерсисайдтық клубпен келісім-шарты келесі маусымның соңында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×