Луис Суарес пен Лионель Месси өз клубтарын құрды

27.05.2025, 23:45

Америкалық «Интер Майами» клубының футболшылары Луис Суарес пен Лионель Месси өздерінің жеке футбол клубын құрды.

Луис Суарес пен Лионель Месси өз клубтарын құрды

Жаңа команда «Депортиво ЛСМ» деп аталады және Уругвай футболының төртінші дивизионында өнер көрсететін болады.

ЛСМ аббревиатурасы Суарес пен Мессидің есімдеріне сілтеме жасайды.

Айта кетерлігі, команданың инфрақұрылымын Луис Суарес өз қаржысына салған. Негізгі стадион 1400 көрерменге арналған. Ал 7×7 форматындағы кіші алаң 620 жанкүйерді қабылдай алады.

Суарестің айтуынша, ол жеке клуб құруды 2018 жылдан бері армандап жүрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×