Криштиану Роналдуға екі клубтан ұсыныс түсті

27.05.2025, 22:25

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду қазіргі уақытта өз мансабын жалғастыруға қатысты екі мүмкіндікті ой елегінен өткізіп жатыр

Криштиану Роналдуға екі клубтан ұсыныс түсті

Footmercato дерегінше, 40 жастағы футболшы ең алдымен осы жазда аяқталатын «Әл-Насрмен» келісімшартын ұзартуы мүмкін. Сауд Арабиясының клубы Роналдуға келісімді ұзарту жөнінде ресми ұсыныс жасаған.

Екінші нұсқа – португалиялық шабуылшы «Әл-Хиляль» клубына ауысу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл клуб Неймар кеткеннен кейін жаңа жұлдызды ойыншыны қатарға қосуды қалайды. Сонымен қатар, «Әл-Хиляльдің» клубтық әлем чемпионатына қатысуы да бұл ауысымға себеп бола алады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Роналдудың «Әл-Насрдан» кетуге жақын екені туралы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×