Қазақстан құрамасының белді ойыншысы Еуропа клубына ауысуға жақын

27.05.2025, 21:02

Шотландияның «Хартс» клубы Қостанайдың «Тобол» командасы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковты сатып алу бойынша келісімді аяқтауға жақын.

Қазақстан құрамасының белді ойыншысы Еуропа клубына ауысуға жақын

Футболшының агенті Ярослав Зварычтің айтуынша, келіс-сөздер белсенді түрде жүріп жатыр.

– «Хартспен» келіссөздер толық қарқынмен жүргізілуде. Алайда қазіргі сәтте трансфер әлі аяқталған жоқ, – деп келтіреді агенттің сөзін Hearts Standard.

25 жастағы Ислам Чесноков биылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымында 9 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ол Қазақстан құрамасы сапында 15 ойынға қатысып, үш рет мергендік танытқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×