
«Қайрат» клубы бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, біраз БАҚ-та алматылық клуб басшылығы қазақстандық маманды алдағы турда «Ақтөбеден» ұтылса, қызметінен босатуы мүмкін деген ақпарат тараған. «Қайрат» бұл ақпаратты жоққа шығарып, Рафаэль Уразбахтинге толық сенім артатынын жеткізді.
«Қайрат» футбол клубы бас бапкерге қатысты бірқатар БАҚ жариялаған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтады. Рафаэль Уразбахтин өз қызметін жалғастыра береді. Клуб та оған толық сенім артады. «Ақтөбе» ФК-ға қарсы матчқа дайындық жоспардағыдай жүріп жатыр. «Қайрат» ФК бұқаралық ақпарат құралдарын тексерілмеген әрі күмәнді ақпаратты таратпауға шақырады», - делінген клубтың инстаграм-парақшасында.
«Қайрат» ҚПЛ-дің 10 турынан кейін 23 ұпаймен үшінші орында келеді. Келесі турда алматылық клуб «Ақтөбемен» шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET