«Ордабасының» бұрынғы қорғаушысы: мұндай аномалияны ешқашан көрген емеспін

27.05.2025, 16:47

Украиналық қорғаушы Кирилл Петров «Ордабасыдағы» кезеңін еске алып, ҚПЛ-дің ерекшеліктері туралы пікірімен бөлісті.

«Ордабасының» бұрынғы қорғаушысы: мұндай аномалияны ешқашан көрген емеспін
Кирил Петров

«Чемпионат басталмай тұрып, алаңның қақ ортасына қошқар сойып, қанын шығарғаны біртүрлі болды. Бұл командада сәттілік болуы үшін жасалатын рәсім. Елде температураның үлкен ауытқуы бар. Бірде Қарағандыға барғанымызда қызық оқиға болды. Біз Астанаға ұшқанымызда Шымкентте ауа температурасы нөлден жоғары болды. Мен астанаға шығамын, ал термометр минус 35-ті көрсетеді. Бірақ ол құрғақ болғандықтан, -10 градустан аспайтын сияқты. Одан әрі автобуспен Қарағандыға бардық. Сөйтіп, жолды биіктігі бір жарым метрдей болса керек, қар басып қалғандықтан, далада тоқтауға тура келді. Мен мұндай аномалияны ешқашан көрген емеспін, - деді К. Петров Ukrfootball.ua сайтына берген сұқбатында.

Кирилл Петров 2015-жылғы маусымда «Ордабасы» намысын қорғады. Одан бөлек, «Динамо» Киев түлегі «Кривбасс», «Арсенал» Киев сынды клубтарда доп тепті. Соңғы клубы польшаның «Корона Кельце» командасы. К. Петров мансабын биыл қаңтарда аяқтады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×