Мадридтік “Реалдың” баспасөз қызметі шабуылшы Лука Йовичтің франкфурттық “Айнтрахт” қатарына қосылғанын хабарлады.
”Айнтрахт” Йовичті маусым соңына дейін жалға алды. Форвард 2019 жылы “Реалға” 63 миллион еуроға ауысқан еді. 23 жасар шабуылшы мен корольдік клуб арасындағы келісімшарт 2025 жылдың жазына дейін жарамды.
Лука ағымдағы маусымда бес матчқа қатысып, нәтижелілігімен көзге түспеді.
Біздің серіктес: FONBET