Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Лука Йович "Айнтрахт Франкфурт" клубына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлады журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.
Дереккөздің хабарлауынша, 23 жастағы сербиялық шабуылшы "Айнтрахт" клубына 2020/2021 жылғы маусымның соңына дейін жалға беріледі. Хабарланғандай, мадридтік клуб ойыншыны "Манчестер Юнайтедке" ұсынып көрген, бірақ "қызыл сойқандар" бұл ұсыныстан бас тартқан.
Йович "Реал Мадридке" 2019 жылы "Айнтрахттан" 63 миллион еуроға ауысқан еді. Ағымдағы маусымда форвард түрлі жарақаттарына байланысты 13 матчты жіберіп алды. Сонымен қатар Ла Лиганың 4 матчына қатысып, гол соға алмады.
"Айнтрахт Франкфурт" 15 кездесуде 23 ұпай жинады және Бундеслиганың турнирлік кестесінде 9-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET