Сербия құрамасының шабуылшысы Лука Йович жазғы трансферлік терезеде «Реал Мадридтен» кетеді. Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады.
Бұған дейін «Фиорентинаның» Йовичке қызығушылық танытқаны хабарланған болатын. «Реал Мадрид» 24 жастағы шабуылшыны жалға беріп, жалақысының бір бөлігін төлеуі мүмкін, себебі италиялық клуб Йовичке 6 миллион еуро беруге дайын емес.
Йович 2019 жылдың жазында «Айнтрахт Франкфурт» клубынан «Реалға» 63 миллион еуроға ауысқан еді. Бірақ испаниялық клубқа сіңісе алмауына байланысты 2020/2021 жылғы маусымның екінші бөлігінде қайтадан франкфурттық командаға жіберілді.
Өткен маусымда сербиялық шабуылшы «Реал Мадрид» үшін 19 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET