«Астана» «Тобыл» қорғаушысына көз тікті

17.06.2022, 22:10
Амановичке жаңа бапкердің берген позициясы ұнамауда.
«Астана» «Тобыл» қорғаушысына көз тікті

Елордалық «Астана» «Тобылдың» орталық қорғаушысы Алекс Амановичке қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қостанайлық клуб сербиялық маман Милан Милановичтің келуімен 4-2-3-1 схемасына көшті.

Жаңа ойын схемасымен екі орталық қорғаушы позициясында Сергей Малый, Александр Марочкин, Жарко Томашевич және Алекса Аманович ойнай алады, бірақ Аманович сол қапталдағы қорғаушы ретінде пайдаланыла бастады. Бұл шешім балқандық футболшының көңілінен шықпады, сондықтан «Астана» Амановичке қатысты жағдайды жіті бақылап отыр.

Биылғы маусымда Аманович 9 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×