Срджан Благоевич: «Себеттегі ең қиын қарсылас түсті»

17.06.2022, 22:41
«Астана» бапкері поляктарды фаворит деп айтты.
Срджан Благоевич: «Себеттегі ең қиын қарсылас түсті»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы туралы, сонымен қатар «Ақсумен» өтетін ойынға дайындық туралы пікір білдірді:

- Срджан, жеребе қорытындысы бойынша «Астанаға» польшалық «Ракув» түсті. Қарсылас туралы не айтасыз?

- Әрине, бізде Конференция лигасындағы қарсыласымыздың ойынын егжей-тегжейлі сараптайтын боламыз, бірақ ықтимал қарсыластардың ішінде ең қиынына тап болдық деп ойлаймын.

Біз қазірдің өзінде алғашқы деректерді жинауға кірісіп кеттік және алдымызда тұрған жұмыстың қиындығынан хабардармыз. Польша чемпионатында екінші орын алып, кубокті жеңіп алуы қарсыласымыздың мықтылығын аңғартады. Бір қызығы, «Ракув» қаңтар айында біз қызыққан ойыншыны қатарына қосты, себебі біз олармен қаржы жағынан бәсекелесе алмадық.

Күрделі сынаққа тап болдық, бірақ біз өзімізге, өз қабілеттерімізге және өз ісімізге сенеміз. Біз қарсыласты құрметтейміз, бірақ бәрінен бұрын өзімізді қатты сыйлаймыз. Біз бұл ойынға осы көзқараспен шығамыз. Мен фаворит ретінде поляктарды айтамын, бірақ бәрі де алаңда шешіледі, оларға оңай болмайтыны белгілі. Еурокубоктегі матчтар бір айдан кейін ғана басталады, сондықтан біз қазір бар назарымызды «Ақсумен» болатын ойынға аудардық.

- Чемпионаттағы ұзақ үзілістен кейін команда қайта жиналды. Ойыншылардың функционалдық жағдайы қалай?

– Жаттығудан жаттығуға, ойыннан ойынға көшеміз. Ең маңызды міндет – матчқа жақсы дайындалып, дұрыс көзқараспен шығу. Біз чемпионатты сағындық, ақыры барлық ойыншылар жиналды. Олардың кейбіреулері өз ұлттық құрамаларына шақырту алды, сондықтан оларды қалпына келтіріп, дайындық деңгейі туралы қорытынды жасау қажет. Келесі ойынды асыға күтеміз. Осы сәтті пайдаланып, жанкүйерлерді команданы қолдау үшін матчқа шақырамын. Біз оларды қуанту үшін бар күшімізді саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×