Мадридтік «Реал»өзінің ресми сайтында «Крузейроның» жартылай қорғаушысы, бразилиялық Лукас Силваның команды сапына қосылғаны туралы мәлімдеді.
22 жасар футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт 2020 жылдың 30-маусымына дейін жалғасады. 26-қаңтар күні футболшыны ресми раныстыру іс-шарасы өтеді. Үрдіс бойынша медециналық тексерістн кейін.
Алдында белгілі болғандай, «Реал» Силва үшін «Крузейроға» € 14 млн төлеген. Өз отанында Силва болашағынан үлкен үміт күттіретін футболшылардың бірі саналады..