Мартин Эдегор: менің мақсатым-үздік ойыншы болу

23.01.2015, 05:16
Мартин Эдегор: менің мақсатым-үздік ойыншы болу
16 жасар норвегиялық жартылай қорғаушы Мартин Эдегордың «Реал» ойыншысы ретіндегі таныстыру рәсімі өтті.  Іс-шара барысында  Эдегор журналисттер сұрақтарына жауап беріп, трансферден алған әсерімен бөлісті. «Мен өзімді үйімдегідей сезінемін. «Реал»маған спорттық тұрғыда да, жеке тұрғыда да керемет жағдай жасады. Менің дамуым үшін ең дұрыс орын.  Менің мақсатым – үздік ойыншы болу. Бірінші команда да ойнасам да, екіншісінде болса да. «Реал» сапында ойнау менің арманым. Арманның орындалуы өте керемет сезім екен. Енді мен жаттығуды күтемін.Мен екінші командамен де, бірінші командамен де жаттығамын, Анчелотти бапкер ойынға шақырса әрине қуанар едім. Менің «Реал»сапындағы сүйікті ойыншым?  Криштиану —әлмдегі ең үздік, бірақ Бэйл де бар және  Иско…бір сөзбен айтқанда барлығы» - деді Эдегор клубтың баспасөз қызметіне.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×