Любко бапкер орнынан кетті

14.05.2013, 22:26
Любко бапкер орнынан кетті

"Тараз" футбол клубы бас бапкерсіз қалды. Облыстық спорт басқармасы бүгін таңертең бас бапкер Любомир Петровичті орнынан босатты. Өткен маусымда 4-орын алған команданың биылғы көрсетіп жүрген өнері төмен деп бағаланды. Неге екені белгісіз, сүреңсіз басталған чемпионат үшін бапкердің орнын ауыстыруды басшылар жөн санапты. Болмашы бір сәтсіздік үшін бапкерді орнынан алу дұрыс емес деп ойлаймыз. Тәжірибиелі маманның орнына білікті бапкер келе қояды деу артықтау болып отыр. Көпшілік жанкүйер қауым да облыстық басқарманың бұл шешімін түсінбей отыр.

Команданы алдағы уақытта уақытша дубльдің бапкері Нұрмат Мырзабаев жаттықтыратын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×