Любко Петровичке айыппұл салынды

12.04.2012, 20:46
Любко Петровичке айыппұл салынды
ҚФФ Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында өткен турларға байланысты бірнеше мәселе қаралып, мынадай шешімдер шығарылды.
1. Премьер-лиганың IV туры аясында өткен "Тараз" - "Ақтөбе" кездесуі кезінде ҚФФ регламентінде көрсетілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету, матчтың бейнежазбасы және спорттық жабдықтар пунктінің дұрыс орындалмауына байланысты "Тараз" футбол клубына 400 мың теңге айыппұл салынады. 2. Премьер-лиганың IV туры аясында өткен "Тараз" - "Ақтөбе" кездесуі кезінде техникалық аймақтың сыртына өтіп кеткені үшін "Тараз" футбол клубының бас бапкері Любко Петровичке 100 мың теңге айыппұл салынады. 3. Матч кезінде жанкүйерлерінің цензураның шекарасынан асып кетер сөздерді пайдалана отырып, жанкүйерлік танытқаны үшін мына клубтарға айыппұл салынады: • "Шахтер" футбол клубы — 50 000 теңге (Қосалқы құрам ойындары аясындағы IV тур кездесуі). • «Ертіс» футбол клубы — 200 000 теңге  (Премьер-лиганың V тур аясындағы кездесуі). 4. Футзалдан ҚР кубогының 3-орын үшін өткен кездесуі кезіндегі қызыл қағаздардың мәселелері талқыланып, "Қайрат" командасының ойыншысы Николай Пегрин мен "Ұшқын-Искра" клубының ойыншысы Әсет Жақсыбаевқа алдағы үш матчқа дисквалификация берілді. 5. "Тараз" футбол клубының ойыншысы Эдуард Сергионконың дисквалификациялық мерзімі 5 матчтан үш ойынға дейін қысқартылды. Дегенмен, алты айлық сынақ мерзімі берілді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×