Люка Эрнандес: «Матч бастала салысымен біз өзіміздің кім екенімізді көрсетуіміз керек»

27.03.2021, 21:23
Люка Эрнандес: «Матч бастала салысымен біз өзіміздің кім екенімізді көрсетуіміз керек»

Франция құрамасының қорғаушысы Люка Эрнандес 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен болатын матч туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Франция футбол федерациясының баспасөз қызметі:

- Украинаға қарсы кездесу оңай болған жоқ. Біз осы іріктеу кезеңін жақсы бастағымыз келді, бірақ, өкінішке орай, тек тең нәтижеге қол жеткіздік. Енді біз бар назарымызды алдағы Қазақстанмен болатын матчқа аударамыз. Ұзақ қашықтыққа, уақыт айырмашылығына байланысты бұл да оңай болмайды. Бірақ біз кәсіпқой футболшылармыз және кез-келген жағдайға бейімделуіміз керек. Біз жасанды алаңда, Қазақстанның өз алаңында ойнаймыз, олар Украина сияқты қорғаныста терең ойнауға мәжбүр болады. Матч бастала салысымен біз өзіміздің кім екенімізді жүз пайызға көрсетуіміз керек. Біз жеңістерге өте құштармыз және оны алғашқы минуттардан бастап көрсетеміз, мен бұған сенімдімін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×