Қазақстан құрамасы негізгі ойыншысынан айырылды

27.03.2021, 21:58
Футболшының ескі жарақаты қайтадан сыр берген көрінеді.
Қазақстан құрамасы негізгі ойыншысынан айырылды

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА клубында алған жарақатына байланысты 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциямен броатын ойынға қатыспайды, деп хабарлайды бас бапкер Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатында.

Зайнутдинов ЦСКА-ның РПЛ аясында өткізген соңғы төрт ойынына да қатысқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де «Астана-Арена» стадионында Францияны қабылдайды. Ойын QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×