Магомед Адиев: «Әлі жұмыс жасауды қажет ететін дүниелер бар»

20.04.2021, 18:46
Қарағандылық ұжым «Ақтөбе» клубының жеңіліссіз сериясына нүкте қойды.
Магомед Адиев: «Әлі жұмыс жасауды қажет ететін дүниелер бар»

Қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері Магомед Адиев "Ақтөбе" футбол клубымен бооған кездесу (3:0) туралы пікір білдірді:

- Жеңіске жеткеннен кейін әрдайым ойыншылар да, жаттықтырушылар да жақсы көңіл-күйде болады. Бәрі де осы жеңісті тағатсыздана күтті, біз де, жанкүйерлер де. Мен бүкіл ұжымның атынан бізге шын жүректен алаңдайтын және бізге сенетіндердің барлығын құттықтағым келеді.

Есепке қарамастан, ойын біз үшін оңай болған жоқ. "Ақтөбе" - қиын қарсылас, оның турнирлік кестеде жоғары орындарда тұруы кездейсоқтық емес. Менің ойымша, тактикалық тұрғыдан алғанда жігіттер жаман ойнаған жоқ. Мен мұны жақсы деп де айта алмаймын, өйткені бізде әлі де жұмыс жасауды қажет ететін дүниелер бар. Бірақ алғашқы ойын болғанына қарамастан жігіттер мен құрған тактиканы сақтап қалуға тырысты, әсіресе бірінші таймда. Екінші таймда біз ойыннан шығып қалған тұстар да болды, бірақ бұл қалыпты жағдай, өйткені біз бірнеше күн ғана жаттығу жасадық. Ойынның соңғы бөлігінде қайтадан есімізді жиып, матчты абыроймен аяқтадық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×