Нұралы Әліп: «Біз бұл кездесуде барымызды салып, жеңіске жетуге тырыстық»

20.04.2021, 17:42
Әліп пенальтиден гол соға алмады. Бұл жеңісті гол болуы мүмкін еді.
Нұралы Әліп: «Біз бұл кездесуде барымызды салып, жеңіске жетуге тырыстық»

«Қайрат» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Тобылға» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді:

- Бұл өте тартысты кездесу болды, өкінішке орай, біз өз қақпамызға жылдам гол жіберіп алдық, бірақ осыдан кейін ойын толығымен біздің бақылаумызда өтті. Біз он адаммен қалған кезде де команда шабуыл жасай берді. «Тобыл» өте жақсы қорғанды, бірақ біз бұл кездесуде барымызды салып, жеңіске жетуге тырыстық.

Мен сәтсіз нәтиже үшін жауапкершілікті командамен бірге арқалауға дайынмын, өйткені, кездесу соңында пенальтиді сәтсіз орындадым. Бүгін біздің жеңіске жетуімізді қалаған клуб жанкүйерлерінен кешірім сұраймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×