Магомед Адиев: «Пенальти сериясындағы жеңіс – қақпашымыз Игорь Шацкийдің еңбегінің арқасы»

11.08.2021, 14:47
Игорь пенальти сериясында үш бірдей ойыншының соққысын қайтарды.
Магомед Адиев: «Пенальти сериясындағы жеңіс – қақпашымыз Игорь Шацкийдің еңбегінің арқасы»

"Шахтердің" бас бапкері Магомед Адиев "Колоспен" болған матч туралы өз ойын ортаға салды:

– Бұған дейін болжағанымыздай, қиын ойын болды. Тіпті, маған - бас бапкер үшін де қиынға соқты. Қос команда да негізгі уақытта ұтқысы келді, сол себепті ойын алаң ортасында өтті.

Алғашқы тайм біз үшін сәтсіз болды. Қарсылас шапшаң ойнап, допқа талас кезінде жеңіп жатты және қауіпті сәттерді пайдалана алды. 30-шы минутқа қарай, біз ойынды түзеп, бірінші таймды аяқтадық.

Матчтың екінші жартысында шабуылдай алмағандықтан түзетулер енгіздік. Қорғанысты дұрыстадық. Қарсыластың өткен ойынға қарағанда бес бірдей өзгерту жасағаны түсінікті, бұл жүгіру жұмысына қойылған талап еді. Мұнда ойын гол соғылғанға дейін жалғасты. Пенальти сериясындағы жеңіс – қақпашымыз Игорь Шацкийдің еңбегінің арқасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×