«Қайрат» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне өткен жағдайда Стивен Джерардтың командасымен ойнайтын болады

11.08.2021, 15:06
«Қайрат» пен «Алашкерт» арасындағы жауапты матч 12 тамызда өтеді.
«Қайрат» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне өткен жағдайда Стивен Джерардтың командасымен ойнайтын болады

Шотландиялық "Рейнджерс" Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде швециялық "Мальмёдан" 1:2 есебімен ұтылды. Қос матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңілген "Рейнджерс" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Шотландиялық клубтың қарсыласы "Алашкерт" - "Қайрат" жұбының жеңімпазы болады, олардың арасындағы қарымта кездесу 12 тамызда өтеді.

Еске салайық, "Рейнджерс" клубын "Ливерпуль" мен Англия құрамасының аңызы Стивен Джеррард жаттықтырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×