ҚФФ президенті «Шахтер» клубын құттықтады

11.08.2021, 15:17
Бұл жетістікті қалған үш клубымыз да қайталайды деген үміт бар.
ҚФФ президенті «Шахтер» клубын құттықтады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков "Колос" командасын жеңіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өткен "Шахтер" ұжымын құттықтады:

- Қарағандылық футболшылар УЕФА Конференция Лигасының үшінші айналымында украиналық "Колостан" басым түсті.

Бүгін қазақ жанкүйерлері "кеншілердің" керемет жетістігіне куә болды! 

Қарағанды футболшылары Украинаның "Колос" командасын жарыс жолынан шығарып, Қазақ футболының өзгелерден кем емес екенін көрсетті. 

«Шахтердің» еңбегі мен Шацкийдің ерлігі ел футболына Конференция Лигасының плей-офф кезеңін сыйға тартты. 

Еурокубок додасында ел намысын қорғайтын «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» футболшылары да "кеншілердің" жетісігін жалғастырады деп үміттенемін! 

Алға, Қазақ футболы!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×