Магомед Адиев: әрине, құрамамен жұмысқа оралуым да мүмкін...

08.05.2025, 14:54

Магомед Адиев ресейлік порталдардың біріне Қазақстан құрамасындағы жұмысы жайлы пікірімен бөлісіп, жоспарларын айтты.

Магомед Адиев: әрине, құрамамен жұмысқа оралуым да мүмкін...
Магомед Адиев

«Қазір Қазақстанның ойынын қарап жүргем жоқ, себебі толықтай өзімнің жұмысыма берілгем. Тіпті, Ресей чемпионатының көптеген ойындарын да көрмеймін, еуропалық футбол да солай. Меніңше, жақсы жұмыс атқарылды. Адамдар ризашылығын білдірген - демек, бәрі дұрыс болғаны. Өйткені, жанкүйерлер - атқарылған жұмыстың сапасын бағалаудағы басты өлшем. Әрине, құрамамен жұмысқа оралуым да мүмкін. Маған енді біраз жеңіл болады, себебі құрамамен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Бірақ, қазір менің барлық ойым мен назарым РПЛ-дегі «Химкидің» алдағы ойындарымен байланысты. Ал одан кейін көре жатармыз,- деді М. Адиев «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында

Магомед Адиев Қазақстанды 2022-жылдың сәуірінде тізгіндеген. Еуро-2024 іріктеу кезеңінде команда өз тобында төртінші орын иеленіп, плей-офф кезеңіне өтті. Бірақ, жартылай финалда Грекиядан 0:5 есебімен ұтылып, Еуропа чемпионатынан шет қалған болатын. Ресейлік маман былтыр мамырда отбасылық жағдайларына байланысты Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Қазір мәскеулік «Химки» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып жұмыс істейді. «Химки» РПЛ-дің 27 турынан кейін 25 ұпаймен 12-орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×