«Оқжетпестің» қазақстандық шабуылшысы топ-клубқа ауысуы ықтимал

08.05.2025, 13:53

«Olimbet Arena» мәліметіне сенсек, Қазақстан құрамасы мен көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Әлияр Мұхамедке ҚПЛ-дің топ-клубтары қызығушылық танытуда.

«Оқжетпестің» қазақстандық шабуылшысы топ-клубқа ауысуы ықтимал
Әлияр Мұхамед

Бұл тізімде әсіресе «Тобыл» белсенді көрінеді. ҚПЛ-2025-те шабуыл шебі осалдық танытып отырған қостанайлық клуб ерекше қызығушылық танытып, форвардты жақын арада алуға ниетті көрінеді. Алайда, көкшетаулық команда 24-жастағы футболшысын жібергісі келмейді делінген.  

Әлияр Мұхамед биыл «Оқжетпес» жейдесіндегі барлық турнирлердегі сегіз ойында екі рет мергендік танытты. Оның біреуін шабуылшы «Астанаға» қарсы Кубоктык бәсекеде салған болатын.

Әлияр Түркістан футболының түлегі саналады. Көкшелік командаға дейін «Академия Оңтүстік», «Тұран», «Мақтаарал» және «Жетісу» намысын қорғаған. Сондай-ақ, «Оқжетпес» шабуылшысы Қазақстан құрамасының сапында наурызда Түркия жерінде өткен оқу-жаттығу жиындары барысында болған екі жолдастық матчқа қатысты. Бұдан бөлек Қазақстан жастар командасының қатарында үш ойында өнер көрсеткен.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×