Магомед Адиев жас ойыншыларды ұлттық құрамаға шақырмақ

17.05.2022, 14:45
Бүл ойыншылар маусым айындағы төрт ойынның кемінде біреуіне қатысатын болады.
Магомед Адиев жас ойыншыларды ұлттық құрамаға шақырмақ

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасының алдағы ойындарына бірнеше жас ойыншыны шақыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұған дейін Адиев биылғы маусымда өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген кейбір жас ойыншыларға мүмкіндік беруге ниетті екенін айтқан болатын. Сондықтан ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне «Тараздың» шабуылшысы Абылайхан Жұмабек, «Астананың» қорғаушысы Талғат Құсяпов, «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов және «Ақтөбенің» шабуылшысы Максим Самородов енуі мүмкін.

Бірақ маусым айындағы ойындарға Бақтиер Зайнутдинов пен Исламбек Қуат секілді көшбасшы ойыншылар қатыспауы мүмкін.

Еске салайық, 3 маусымда Қазақстан Ұлттар лигасының топтық кезеңінің бірінші турында өз алаңында Әзірбайжанды қабылдайды. Сондай-ақ Адиев шәкірттерін Словакия мен Беларусь құрамаларына қарсы ойындар күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×