«Шахтер» клубының бас бапкері Магомед Адиев «Тобылға» қарсы өткен алғашқы жартылай финалдық ойынды (5:2) қорытындылады:
— Ойын екі таймға бөлінді - матчтың алғашқы жартысында біз жоспарлаған нәрсе іске асып жатты. Бірақ қарсылас та мақтауға лайық, олар біз жасаған қысымнан шығып, бірнеше жақсы сәттер істей алды, алайда біздің қуанышымызға орай гол соқпады. Екінші таймда біз ұтып жатқандықтан ойын өрнегін өзгерттік. Көбінесе қарымта шабуылдарды ұйымдастыруға тырыстық. Қауіпті сәттердің бірінде тактика ауыстырып үлгермедік және соның салдарынан гол өткізіп алдық. Жеңіске қанағаттанамыз, алайда асыра сілтемейміз, себебі алда Қостанайдағы кездесу бар. Бізді ел чемпионына қарсы ауыр матч күтіп тұр.
Біздің серіктес: FONBET