Магомед Адиев: «Жоғалтқан ұпайдың орнын толтыру әрдайым қиын»

30.04.2021, 04:44
Адиев келгелі бері команда үш матчта алты ұпай жинады.
Магомед Адиев: «Жоғалтқан ұпайдың орнын толтыру әрдайым қиын»

«Шахтер» командасының бас бапкері Магомед Адиев «Жетісуға» (1:0) қарсы өткен матч туралы пікір білдірді:

- Ойын, күткендей, қиын болып шықты. Сонымен қатар ауа-райы мен алаңның сапасы біздің жылдамдығымызға әсер етті. Матч осындай нюанстардың салдарынан шиеленісті өтті.

Біз бұл кездесуде жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Команда чемпионат басталған кезде көптеген ұпайлар жоғалтып алды, және жоғалтқан ұпайдың орнын толтыру әрдайым қиын, сондықтан бұл жағдайда кез-келген жеңіс өте маңызды. Біздің команданың ойын сапасына келетін болсақ, тағы да жұмыс жасау керек. Бүгін, ойынның белгілі бір сәттерінде бәрі біз ойлағандай болған жоқ. Екінші жағынан, «Астанамен» болған керемет ойыннан кейін эмоциялар бойынша ең мықты клубтардың да белгілі бір шығынға ұшырайтынын түсінуіміз қажет. Біз осы сәттердің барлығын ескердік, сондықтан дайындалып, жігіттерге қиын ойын болатынын түсіндірдік. Бақытымызға орай, біз жеңіске жеттік, енді келесі матчтарға дайындаламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×