Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтегі» дебюттік матчында керемет жетістікке қол жеткізді

24.11.2021, 15:36
90 жыл бойы англиялық бапкерлер МЮ-дегі жолын сәтсіз бастаған екен.
Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтегі» дебюттік матчында керемет жетістікке қол жеткізді

«Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-ші турында «Вильярреалды» 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, манчестерлік клубтың бас бапкерінің міндетін атқарушы Майкл Кэррик бас бапкер ретіндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Ол 1931 жылдан бері «Манчестер Юнайтедтегі» дебюттік ойынында жеңіске жеткен алғашқы англиялық жаттықтырушы атанды. 90 жыл бұрын Уолтер Крикмен дәл осы жетістікке жеткен болатын.

«Қызыл сойқандар» қазір 10 ұпаймен F тобында көш бастап тұр және мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×