Константин Горовенко: «Зенит» сапында керемет жаттығу процесін көремін деп күткен едім»

24.11.2021, 17:51
«Мақтааралдың» бас бапкері Ресейде өз білімін арттырып келді.
Константин Горовенко: «Зенит» сапында керемет жаттығу процесін көремін деп күткен едім»

«Зенит» клубында тәжірибе жинаған «Мақтааралдың» бас бапкері Константин Горовенко Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында іссапар туралы өз әсерімен бөлісті.

- Константин Александрович, «Зенитке» бару нұсқасы қалай пайда болды?

- Кез келген бапкер мықты еуропалық клубқа барғысы келеді. Сондай-ақ Pro санатында шетелде іс-тәжірибеден өту туралы тармақ бар. Біз бірнеше нұсқаны қарастырып көрдік, мен «Сочиге» бару туралы ойладым, бірақ ол клубпен бір мәмілеге келе алмадық. Тбилисидің «Динамосына» баруға болатын еді, бірақ ақыр аяғында «Зенитке» кеттім.

- Клуб басшылығы келісті ме, әлде федерация тырысты ма?

– Жоқ, бұл менің жеке таныстарымның арқасында жүзеге асты. Мен Василий Галяминге («Зенит» клубының сарапшысы) телефон соғып, іс-тәжірибеден өту керектігін айттым. Ол маған еш қиындықсыз ұйымдастырамын деп жауап берді. Екі күннен кейін ол қайта телефон соғып, Семак («Зениттің» бас бапкері) пен клубтың қауіпсіздік қызметі бәрін мақұлдады, келсеңіз болады деді.

- Жалпы қандай әсер алдыңыз?

- Бұл, әрине, үлкен клуб! Барлығы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Ал мұнда еңбек ететін мамандар өте сауатты және білікті, әрқайсысының өзіне жүктелген міндеті бар. Барлығы сағат сияқты жұмыс істейді. Кейбір нәрселер, шынымды айтсам, мені таң қалдырды. Мен керемет жаттығу процесін көремін деп күткенмін, бірақ бұл бәрі қарапайым болып шықты. Олар маған клубтың аптасына екі рет ойнайтынын, сондықтан жаттығуға уақыттың жетпейтінін айтты. Уақыттың барлығы дерлік тек қалыпқа келу мен тактикаға кететінін түсіндірді. Әсіресе, легионерлер ұлттық құрамаларынан клубқа қайта оралғанда әжептеуір қиналады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×