«Ювентус» соңғы 63 жылдағы ең ірі жеңілісіне ұшырады

24.11.2021, 18:42
Аллегри бұл жеңілістен кейін «Ювентус» мықты бола түседі деп отыр.
«Ювентус» соңғы 63 жылдағы ең ірі жеңілісіне ұшырады

«Ювентус» Чемпиондар лигасының 5-ші турында «Челсиден» 0:4 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша, туриндік клуб Чемпиондар лигасында соңғы 63 жылдағы ең ірі жеңілісіне ұшырады. 1958 жылы қазанда «Ювентус» Чемпиондар кубогінің негізгі кезеңінде австриялық «Винерден» (0:7) оңбай ұтылған еді.

Одан бөлек, «Ювентус» соңғы рет төрт гол айырмасымен 2004 жылы ақпанда «Ромаға» қарсы ойында (0:4) жеңілген болатын.

Айта кетейік, «Ювентус» пен «Челси» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті, «Зенит» Н тобында үшінші орын алып, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды. Ал «Мальме» еурокубок маусымын аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×