Максим Самородов «Спартакқа» ауысуға жақын – Жеке келісімшарт талаптары келісілді

Бүгін, 18:31

Грозныйлық «Ахмат» сапында өнер көрсетіп жүрген 24 жасар Максим Самородов осы аптада Мәскеулік «Спартакқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Максим Самородов «Спартакқа» ауысуға жақын – Жеке келісімшарт талаптары келісілді

Инсайдер Анар Ибрагимовтың хабарлауынша, «Спартак» Самородов үшін бонустарды есепке алғанда 8 миллион еуро ұсынуға дайын. Сонымен қатар, футболшының Мәскеулік клубпен жеке келісімшарт талаптары келісіп қойылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Алайда, белгілі футбол агенті Тимур Гурцкая бұл трансфердің құнына қатысты өз күмәнін білдірді. Оның айтуынша, Самородов бір жыл бұрын шамамен 1-1,5 миллион еуроға сатып алынған болатын. Гурцкая турнирлік кестеде 10-орында тұрған команда ойыншысының бағасы бір жыл ішінде бес есеге қалай өскенін түсінбейтінін жеткізді.

Ағымдағы маусымда Максим Самородов «Ахмат» сапында бес ойын өткізіп, бір гол соққан. Егер бұл трансфер жүзеге асса, бұл Қазақстандық футболшы үшін айтарлықтай ірі мәміле болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×