Бахтиер Зайнутдинов Мәскеулік «Динамодан» кететіні туралы қауесетті жоққа шығарды

Бүгін, 18:06

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың Мәскеулік «Динамодан» Қарағандылық «Шахтерге» ауысуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ресейлік «Мутко против» телеграм арнасы бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бахтиер Зайнутдинов Мәскеулік «Динамодан» кететіні туралы қауесетті жоққа шығарды

Бұған дейін кейбір қазақстандық БАҚ-тар 28 жастағы футболшының 2025 жылдың қазан айынан бері алаңға шықпағанын алға тартып, оның команда ауыстырғысы келетіні туралы хабарлаған болатын. Алайда, соңғы мәліметтер бойынша, бұл ақпарат жалған болып табылады.

Қазіргі уақытта Зайнутдиновтың басты мақсаты — алған жарақатынан тезірек айығып, негізгі құрамға оралу. Ол кем дегенде осы жылдың қысқы трансферлік кезеңіне дейін мәскеулік клуб сапында қалуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік «Динамо» сапына 2025 жылдың 28 шілдесінде Түріктің «Бешикташ» клубынан ауысып келген болатын. Ресейлік клубтағы алғашқы маусымында Қазақстандық футболшы Ресей Премьер лигасы аясында сегіз матч өткізіп үлгерді.

Осылайша, отандық жанкүйерлер күткен «Шахтерге» оралу туралы ақпарат расталмады және футболшы өз мансабын Ресей чемпионатында жалғастыруға ниетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×