Әзірбайжандық «Шафа» клубының 22 жастағы қақпашысы Ниджат Мехбалиев Қазақстандық әріптесі Стас Покатиловтың оның мансабына тигізген зор ықпалы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Azerisport.com сайтына берген сұхбатында ол Покатиловтың кәсіби шеберлігі мен тәжірибесі оның дамуына қалай әсер еткенін атап өтті.
Мехбалиевтің айтуынша, «Сабах» клубында өткізген өткен маусым оны футболшы ретінде ғана емес, тұлға ретінде де айтарлықтай өзгерткен. Ол соңғы бір жыл ішінде кәсіби тұрғыда үлкен өсу жолынан өткенін алға тартты. Бұл жетістікте қақпашылар бапкерлерінің еңбегі зор болғанымен, Стас Покатиловтың рөлі одан да маңызды болған.
Жас қақпашы «Сабах» сапында жүргенде футболға деген көзқарасының түбегейлі өзгергенін мәлімдеді. Ол өзінің кәсіби дамуына жағдай жасаған бапкерлер штабына және қақпашы әріптестеріне, соның ішінде Покатиловқа ерекше алғысын білдірді. Қазіргі уақытта Мехбалиев жоғарғы лигаға 22 жылдан кейін қайта оралған «Шафа» командасында өнер көрсетіп жүр.