Максим Самородов топ-клубқа? Бүгін мәскеулік скауттар «Ахматтың» футболшысын ерекше бақылайды

15.04.2025, 14:38

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов Ресей Кубогінің аясында «Локомотивке» қарсы кездесуде доп тебуі мүмкін.

Максим Самородов топ-клубқа? Бүгін мәскеулік скауттар «Ахматтың» футболшысын ерекше бақылайды
Максим Самородов "Спартакқа" қарсы ойында

Мәскеудегі «РЖД Арена» алаңында болатын бәсеке біздің уақытпен 20:00-де басталады.

«Ахмат» Ресей Кубогінің аймақтар жолының жартылай финалының бірінші кезеңінде өз тобын екінші орынмен аяқтаған болатын. Сөйтіп, ширек финалда екі ойын қортындысында «Зениттен» 1:5 есебімен ұтылды. Ал екінші ойынында грозныйлықтар «Краснодардан» басым түскен 2:1. Енді бүгін Сергей Ташуевтің командасы тағы бір азулы қарсыласпен шеберлік байқаспақ.

23-жастағы футболшыға ресейлік топ-клубтар қызығушылық танытуда. Бұл ретте мәскеудің бірнеше командасы мен «Краснодардың» қазақстандық футболшыны ерекше бақылап жүргендігі мәлім. Олардың қатарында осы «Локомотив» те бар. «Теміржолшылармен» болған РПЛ аясындағы ойында М. Самородов өзін жақсы қырынан танытқан – гол соғып, командасын өрге сүйреді. «Спартак», «Локомотив» командаларының скауттары Самородовтың аяқ-алысын жіті қадағалап, грозныйлық клуб басшылығына өздерінің ұсыныстар там-тұмдап болсын жеткізіп жүр деген ақпарат бар. Бүгінгі ойында да «Локомотив» өкілдерінің Қазақстан құрамасының футболшысының өнеріне ерекше назар аударатыны анық. Қысқасы, Максимнің РПЛ-дегі топ-клубтарға қарсы әрбір жемісті ойыны футболшының трансферін қузатып жіберетін секілді.  

Айта кетейік, Максим Самородов РПЛ-дің 18 кездесуінде 4 гол салып, турнирдің көктемгі бөлігінде нағыз көшбасшыға айналды. Жалпы, грозныйлық команда жейдесіндегі барлық турнирлердегі 24 матчта 6 рет мергендік танытқан болатын. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 1.8 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×