
Түркістандық "Тұран" клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан Кубогының ширек финалына жолдама алды. Олар 1/8 финалда «Атырау» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Голдарды Станислав Стасевич 6-минутта және Милойко 31-минутта соқты.
Ширек финалда "Тұран” Қостанайлық "Тобыл” командасымен кездеседі. "Тобыл" 1/8 финалда "Жетісу” командасын қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен.
Ширек финалдық ойындар 2025 жылдың 14 мамырында өтеді.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET