Максим Самородовтың бойында не дұрыс емес? «Ахматтың» бапкері футболшы туралы жағымсыз пікір айтты

07.06.2025, 14:57

«Ахмат» клубының бұрынғы бас бапкері Сергей Ташуев Максим Самодовтың маусымның соңғы бөлігіндегі ойынына баға берді.

Максим Самородовтың бойында не дұрыс емес? «Ахматтың» бапкері футболшы туралы жағымсыз пікір айтты
Максим Самородов

Сондай-ақ, ресейлік маман қазақстандық футболшыға бірнеше кеңесін де айтқан болатын. 

«Жанкүйерлер команданың жеңіске жеткенін қалайды. «Уралмен» болған плей-офф матчында жігіттер де, мен де Самородовқа: «Тек допты жоғалтып алма!» дедік, бірақ ол алаңға еш уайымсыз шықты. Доптан айырылу, үш бұрыштама, пенальти, осылайша, біз жеңіліп қалдық. Мұндай жағдайлар бір емес, бірнеше рет қайталанды. Мен оған: «Сенің ойыңда қандай да бір қара дақ бар» дедім.

Мен Макстың бұл сұхбатымды оқитынын түсінемін, сондықтан оған айтар кеңесім: өзіңді қолға ал, жігітім, әйтпесе болашағың жарқын болмайды.

Оның бойында керемет қасиеттер бар: талантты, қабілетті, бірақ байсалды, біртұтас ойыншыға айналу керек. Еңбекқор бол. Біз ПСЖ-ны мысал ретінде айта аламыз. Неймар – Месси – Мбаппе триосы болған кезде олар айтарлықтай ештеңе ұтпады, ал қазір оларда барлық футболшы ойнап жатыр. Оның ішінде тәжірибелі Ашраф Хакими мен Витинья да бар, нәтижесінде Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Жас футболшылар өзінен бөлек, команданы да сүю керек екенін білсін. Бапкердің айтқанын орындау – заң. Бірде қазір жаттықтырушы болып жұмыс істеп жүрген ресейлік жұлдыздың бірі Олег Иванович Романцевтен: «Испанияда қалай ойнауыма болады?» деп сұрады. Ол айтарлықтай ештеңе жоқ деп жауап берді. Қозғалу керек пе – қозғал, жүгіру керек пе – жүгір! Осылайша, ойнап кетесің. Бүгінде ол жергілікті футболдың тамаша маманы», - деді С. Ташуев BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.

РПЛ-бің өткен маусымында Максим Самородов 8 гол соғып, 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×