
Симоне Индзаги «Әл-Хиляль» клубы сапындағы алғашқы мәлімдемесін жасады.
— Италиядан тыс жердегі мансабымның жаңа кезеңін бастауға қуаныштымын. «Әл-Хиляль» — мен үшін үлкен мүмкіндік. Араб футболын бұрыннан бақылап келемін. Әсіресе «Лацио» және «Интер» клубтарымен болған матчтар арқылы бұл клубпен жақсы таныспын. Менің мақсатым — жеңіске жету, титулдар алу және өзімнің қарқынды әрі мақсатқа бағытталған ойын стилімді енгізу. Бұл жерде ұзақ уақыт қалғым келеді және клубты тарихи жетістіктерге жеткізуді көздеймін, — деді Индзаги «Әл-Хиляль» клубының ресми сайтына берген сұхбатында.
Индзаги мен клуб арасындағы келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жасалған. Бұған дейін ол Италияның «Интер» командасын жаттықтырған болатын.
Біздің серіктес: FONBET