
Өзбекстан құрамасының футболшылары
Өзбекстан құрамасы футбол тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алды.
Осы тарихи жетістік үшін футболшыларға BYD Champion маркалы автокөлік сыйға тартылмақ. Сондай-ақ, ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы «Өзбекстан мақтанышы» (Uzbekiston iftixori) атағына ие болады. Шешуші ойыннан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев команда өкілдерімен тікелей байланысып алғыс айтқан болатын. Мемлекет басшысы бұл жетістік – ойыншылардың жанкештілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап өткен.
Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Өзбекстан 5-маусымда БАӘ құрамасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл нәтиже өзбек командасының топта екінші орын алып, мундиальға шығуына жеткілікті болды.
Біздің серіктес: FONBET