Георгий Жуков жеңілістің себебін айтты

06.06.2025, 22:25

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Беларусьтен болған жолдастық матчтағы (1:4) жеңілістен кейін команда назарын алдағы маңызды кездесуге аударғанын айтты.

Георгий Жуков жеңілістің себебін айтты

— Таблодағы есеп түсінікті. 4:1. Әрине, бұдан да жақсы ойнай алар едік. Жекелеген қателіктерге жол бердік. Мұндай жағдайлар шаршау кезінде болады. Енді қалпымызға келіп, келесі матчқа дайындаламыз. Ең бастысы, Солтүстік Македониямен ойын өз алаңымызда өтеді. Бүгін біз үшін ауыр жаттығу күні болды. Қателіктерден сабақ алып, оларды болдырмауға тырысамыз. Жаңа күш пен жылдамдық жинап, жақсы нәтиже көрсетуге сенемін.

Беларусь құрамасы өте агрессивті ойнады. Олар сергек әрі жылдам болды. Біз қорытынды жасап, әрі қарай жұмыс істей береміз, – деді Жуков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×