«Рома» жаңа бас бапкерін таныстырды

06.06.2025, 21:07

Италияның «Рома» футбол клубы жаңа бас бапкері ретінде Джан Пьеро Гаспериниді ресми түрде таныстырды.

 

«Рома» жаңа бас бапкерін таныстырды

Гасперинидің соңғы жұмыс орны – «Аталанта» клубы. Ол бұл командада 2016 жылдан бері жұмыс істеп, 2023/24 маусымда Еуропа лигасын жеңіп алған болатын. «Бергамалықтармен» жеткен бұл жетістік – Гасперинидің бапкерлік мансабындағы ең ірі табыстардың бірі.

Өткен маусымда «Рома» А сериясын 69 ұпаймен 5-орында аяқтады. Клуб жаңа маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін, тәжірибелі маманға сенім артып отыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×