
Беларусь ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Политевич Қазақстанға қарсы өткен жолдастық кездесудің (4:1) Минскіден Борисов қаласына ауыстырылуына байланысты пікір білдірді.
— Бүгінгі ойынды шамамен төрт жарым мың жанкүйер тамашалады. Бұл онша көп емес…
— Әрине, матчтың Минскіден ауыстырылғаны өкінішті. Толы трибуналарда ойнағымыз келгені рас. Біз өз елімізде сирек ойнаймыз. Бірақ бұл – жұмыс күні, ойын кеш аяқталды. Әрі ауа райы да қолайсыз болды. Салыстыра қарасақ, Венгрияда біз мүлде бос трибуналарда ойнадық. Ең бастысы – жанкүйерлердің қолдауын сездік. Сол үшін оларға алғысымызды айтамыз, – деді қорғаушы.
Біздің серіктес: FONBET