Максим Самородовтың трансферлік бағасы өсті

04.06.2025, 19:07

Transfermarkt порталы Ресей Премьер-лигасында ойнайтын қазақстандық футболшылар Максим Самородов пен Нұралы Әліптің нарықтық құны бойынша жаңартылған бағасын жариялады.

Максим Самородовтың трансферлік бағасы өсті

Жаңа дерекке сәйкес, Грозныйлық «Ахмат» клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың нарықтық құны 1,8 миллион еуродан 2,5 миллион еуроға дейін өскен.

Ал Санкт-Петербургтің «Зенит» командасында ойнайтын қорғаушы Нұралы Әліптің бағасы керісінше 3,5 миллион еуродан 3 миллион еуроға дейін төмендеген.

Маусым айындағы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған футболшылардың арасынан баға жағынан дәл осы екі ойыншы көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×