
Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі алдында неге Беларусьпен ойнауға мәжбүр болғанын айтты.
— Үйде ойнағымыз-ақ келді. Уақыт белдеуін ауыстырмай, күрделі логистиканы бастан өткермей дайындалу әлдеқайда ыңғайлы болар еді. Бірақ, өкінішке қарай, талапты УЕФА қояды. Бұл матч өзімізді, ойыншыларымызды тексерудің мүмкіндігі болмақ. Ұлттық құрама барлық бағытта дамуы керек. Бұдан қашып құтылмаймыз. Еліміздің географиялық орналасуы осындай. Оған бейімделуіміз керек. Солтүстік Македонияға да оңай соқпайды. Олар 6 тамыз күні өз алаңында Бельгиямен ойнап, сосын бізге ұшады. Менің ойымша, біз кез келген жағдайға дайынбыз. Құдай қаласа, жарақаттарсыз өтеміз деп үміттенемін, – деді бапкер.
Беларусь – Қазақстан арасындағы жолдастық ойын ертең Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де Минск қаласында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET