Манчестер дербиі

Аладоп.кз тілшісі Әділет Жұмагелдиев "Манчестер Сити" мен "Юнайтед" құрамдарын саралап, келер ойында бақ сынасатын қос команданың маңызды ойыншыларына тоқталып өтті. 

Манчестер дербиі

Бүгін АПЛ 27-туры аясында «қалалықтар» өз алаңында «қызыл сойқандарды» қабылдайды. Премьер лиганың соңғы 3 турында «Манчестер Сити» командасы қарсылас қақпасына 1 голдан артық соқпаған. «Челсиге» қарсы матчта ұпай бөлісіп (1:1), «Брентфорд» пен «Борнмут» жігіттерін минималды есеппен жеңді. Соңғы кубоктық ойында ғана команданың тынысы ашылып, «Лутон» командасын тас-талқан қылған еді. Сол ойында Холланд пента-трик жасап, Де Брюйне нәтижелі 4 пас беріп, көзге түскен. «Сити» үшін «Юнайтедке» қарсы ойын маңызды. 3 ұпайды қоржынға салу қажет. Бұған басты себеп: турнирлік кестедегі жағдай. «Арсенал», «Ливерпуль» секілді алпауыт командалар өкшелеп келеді. Кеше «Ливерпуль» «Нотингем Форест» командасын соңғы сәтте Дарвин Нуньестің соққан жалғыз голымен жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады. Сондықтан «қала тұрғындарына» ұпай жоғалтуға болмайды. Айта кетейік, «Манчестер Сити» премьер лига ойындары аясында өз алаңында өткізген матчтарда әлі жеңілген жоқ. (9 жеңіс, 4 тең нәтиже)

Ал, қызыл бұрыштан шығатын, Эрик тен Хаг бастаған «Юнайтед» жігіттері де барынша тырысып бағады. Өткен турда «Фулхэм» командасынан жеңіліп, осы жылдағы жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды. Турнирлік кестеде 6-шы орында және 5-ші орында келе жатқан «Тотенхэмнен» 6 ұпайға артта қалып қойды. Бүгінгі ойында жарақатына байланысты көптеген ойыншылар командаға көмектесе алмайды. Олар: Харри Магуайр, Аарон Ван-Бисака, Люк Шоу Лисандро Мартинес, Мейсон Маунт, Марсьял, Расмус Хойлунд және Маласия.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.358
Ничья
5.55
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.406
Ничья
3.81
П2
2.875
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.085
Ничья
14.1
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.152
Ничья
9.3
П2
19.5
Aladop Youtube
×