“Манчестер Юнайтед” құрамын тазартпақшы

“Манчестер Юнайтед” клубы жазғы трансферлік ауысымда 21 футболшымен қоштаспақ, деп жазады Аладоп.кз.

“Манчестер Юнайтед” құрамын тазартпақшы

“Қызыл сойқандар” Том Хитон, Аарон Ван-Биссака, Рафаэль Варан, Виктор Линделеф, Джонни Эванс, Гарри Магуайр, Каземиро, Кристиан Эриксен, Софьян Амрабат, Скотт Мактоминей, Антони Марсьял, Маркус Рашфорд, Антони, Омари Форсон мен Амад Диаллоның келісімшартын ұзартпайтын болды.

Онымен қоса, “Юнайтед” басқа клубта жалға жүрген ойыншыларымен де қош айтыспақ. Олардың қатарында: Факундо Пельистри, Джейдон Санчо, Мэйсон Гринвуд, Донни ван де Бек, Ханнибал Межбри және Брэндон Уильямс бар.

Команданың бас бапкері Эрик тен Хагтың да тағдыры белгісіз. “МЮ” трансферлеріне 400 млн фунт стерлинг жаратқан нидерланд маманының орнына командаға Симоне Индзаги келеді деп күтілуде. 

Манчестерлік ұжым АПЛ 27-турынан кейін 44 ұпаймен турнирлік кестеде 6 орында келеді. Үздік бестікке кіру үшін Тен Хаг жігіттеріне 6 ұпай керек. Айта кететіні, келесі кезжесуінде “Юнайтед”  “Эвертонды” өз алаңында қонақ қылады. Аталмыш ойын 9 наурызға жоспарланған.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×