«Манчестер Сити» - Англия лигасы кубогінің жеңімпазы

26.04.2021, 05:16
«Қалалықтар» бұл турнирде қатарынан төртінше рет топ жарды.
«Манчестер Сити» - Англия лигасы кубогінің жеңімпазы

Лондондағы "Уэмбли" стадионында "Манчестер Сити" - "Тоттенхэм" арасындағы Англия лигасы кубогінің финалдық матчы өтті. Кездесу 1:0 есебімен "қалалықтардың" пайдасына аяқталды.

Жалғыз гол матчтың 82-ші минутында соғылды - "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Эмерик Ляпорт Кевин Де Брюйненің асырған пасын голға айналдырды.

"Манчестер Сити" Англия лигасы кубогінің сегіз дүркін жеңімпазы атанды, Хосеп Гвардиоланың шәкірттері дәл осы турнирде қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Ал "Тоттенхэм" өз тарихында төрт рет Лига Кубогін жеңіп алған.

Айта кетейік, бұл матчқа ұзақ уақыттан бері алғаш рет жанкүйерлер қатысты. Лига кубогінің финалына 8000 көрермен қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×