«Милан» Доннарумманың орнын басатын қақпашы тапты

26.04.2021, 04:03
Доннарумма осы маусымның соңында еркін агент атанады.
«Милан» Доннарумманың орнын басатын қақпашы тапты

Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджм Доннарумма осы маусымның соңында "Милан" клубынан кетеді.

Sport1 журналисті Патрик Бергер хабарлағандай, "Милан" "Лилль" клубының қақпашысы Майк Меньянды сатып алуды жоспарлап отыр. Трансфер сомасы шамамен 15 миллион еуроны құрайды. 25 жастағы француз қақпашысы италиялық клубпен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасаспақ. Меньянға дортмундтық "Боруссия" да қызығушылық танытқан еді.

Қақпашы осы маусымда Лига 1-де 33 ойын өткізіп, 20 гол жіберіп алды.

22 жастағы Джанлуиджи Доннарумманың "Миланнан" еркін агент ретінде кететіні атап өтілді. Басты үміткер - "Ювентус". Туриндік клуб жас қақпашыға жылына 10 миллион еуроны құрайтын жалақы ұсынуға дайын екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×