«Манчестер Сити» «Бенфика» шабуылшысына қызығушылық танытуда

22.11.2020, 02:57
Шабуылшы Серхио Агуэроны алмастыратын ойыншы ретінде қарастырылуда.
«Манчестер Сити» «Бенфика» шабуылшысына қызығушылық танытуда

"Манчестер Сити" "Бенфика" мен Уругвай құрамасының шабуылшысы Дарвин Нуньеске қызығушылық танытып отыр.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, 32 жастағы "Манчестер Сити" шабуылшысы Серхио Агуэроны алмастыратын адамды іздеу - бұл Хосеп Гвардиоланың келесі трансферлік мақсаты. Қазіргі уақытта дәл осы Нуньес аргентиналық шабуылшының орнына лайықты басты үміткер болып табылады.

21 жастағы Нуньес Уругвайлық "Пеньярол" клубының түлегі, ол 2019 жылдың жазында 7 миллион еуроға испаниялық "Альмериядан" ауысып келді. Трансфер сомасы 24 миллион еуроны құрады. 21 жастағы футболшы осы маусымда 11 ойында 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×